Жаңа жыл мерекесі қарсаңында Атырау облыстық денсаулық сақтау басқармасының ұйымдастыруымен денсаулық сақтау саласының жыл бойғы атқарған игі істерінің қорытындысы ретінде Құрманғазы мәдениет сарайында «Ұлт денсаулығы-біздің табысты болашағымыздың кепілі» – атты салтанатты шара өткізілді.
Автордың жарияланымдары: admin
admin
Құрманғазы аудандық орталық ауруханасының директоры Г.Н.Мутиева аурахана қызметкерлерін Аяз ата, Ақшақармен бірге Жаңа жыл мерекесімен құттықтады!!!
Егемен еліміздің 16 желтоқсан ұлттық мереке Тәуелсіздік күнімен құттықтаймыз. Осы мереке карсаңында Құрманғазы аудандық орталық аурухана өзінің қуанышты хабармен бөліскелі отырмыз.
Құрманғазы аудандық орталық ауруханасының педиатр дәрігерлері нәрестенің құрсақтағы дамудың 38-40 апталық мерзімінен бұрын дүниеге келіп,салмағы 2500гр,бойының ұзындығы 45см – ден кем – шала туылған баланың ата-аналарына түсіндіру жұмыстары жүргізілуде.
Сонымен қатар «Дені сау бала» кабинетінде емшекпен емізу ережелерімен таныстыру яғни, жас аналарға – әр емізердің алдында анасы таза қолымен сүт безін жақсылап жуу керек екендігін, баланы емізіп болғаннан соң сүт безі жарылып кетпеу үшін таза жұмсақ сүлгімен кептіру керектігін т.б ережелермен таныстыру жұмыстары жүргізілуде.
Аудандық емхана директоры- Г.Н.Мутиева қазіргі кезде аудан бойынша алдын алу екпелерінен бас тартушы 172 бала тіркеліп отыр, яғни екпеден бас тартып жатқан ата-аналарға болашақта балаларының жұқпалы ауруларға төтеп бере алмайтындығын түсіндіру мақсатында, аудандық емханамызда дөңгелек үстел ұйымдастырып жатқандығын айтып өтті.