Жаңа жылдарыңызбен!!!

Құрманғазы аудандық орталық ауруханасының директоры Г.Н.Мутиева аурахана қызметкерлерін Аяз ата, Ақшақармен бірге Жаңа жыл мерекесімен құттықтады!!! 

Сіздерді Жаңа 2018 жылмен шын жүректен құттықтаймыз!
Жаңа жылда жағымды жаңалықтар мен телегей табыс мол болсын! Әрбір игі істер мен жаңа бастамаларыңызға сәттілік серік,берекелі болып, мерейлеріңіз үстем, беделдеріңіз биік, абыройларыңыз асқақ болуына тілектеспіз!
Жаңа 2018 жылмен шын жүректен құттықтаймыз! Жаңа жыл бақыт, шаттық, қуаныш, құт-береке әкелсін! Жаңа жылда ырыстарыңыз көп болып, табыстан табысқа жете беріңіздер! Жаңа жылдағы жоспарларыңыз іске асып, тілектеріңіз орындалсын! Жаңа жыл жақсылықтарға толы болсын! Отбасыңызға баянды бақыт пен бақ-береке келсін!Денсаулықтарыңыз мықты болсын! Жаңа жылда жаңа табыстарға, жаңа белестерге жете берейік!


Жарияланды: 03.01.201807:37

Автор: