Автордың жарияланымдары: admin

admin

06.10.2017 04:54

Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаевтың “Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру” атты мақаласы қазіргі кезеңдегі қазақ елінің бүгінін сараптап, ертеңгі бағытын айқындаған бағдарламалық құжат.

02.10.2017 07:29

29 қыркүйек -Дүниежүзілік жүрек күніне орай Құрманғазы аудандық орталық аурухана  «Өз жүрегіңіз – өз қолыңызда!» атты ұранымен кең көлемде акция өткізілді.
Акцияның мақсаты: қанайналым жүйесі ауруларын ерте анықтау мен оның асқынуының алдын алу, скринингтік тексеруден уақытында өту қажеттілігі туралы жұртты ақпараттандыру; өз денсаулығына жауапкершілігін арттыру, салауатты өмір салтын ұстануға шақыру болып табылады.

29.09.2017 07:22

Құрманғазы аудандық орталық ауруханасы бөлімінің мәжіліс залында емдеу алдын алу мекемелерінің инфекционист, педиатр,терапевт, жалпы практикалық дәрігерлері мен госпиталды эпидемиолог арасында эпидемиялық маусымда тұмау және ЖРВИ-дың эпидемиологиясы, клиникасы,дифференциалды диагностикасы, емдеу әдісі, алдын алу шаралары туралы аудандық семинар-кеңес өткізілді.

27.09.2017 09:42

КурмангазыАОА бас дәрігері Мутиева.Г.Н – Мемлекеттік бағдарламасы бойынша несиелік тұрғын үй жөнінде мәліметтерді АО”Жилстройсбербанк” зам.директоры Саржигитова.Г.У және АО “Жилстройсбербанк” консультант-агент Кабел.М.Т-тен білуге болатынын таныстырып өтті. АО”Жилстройсбербанк” зам.директоры Саржигитова.Г.У медицина.кызметкерлеріне депозит ашып, өз уйінізге ақша жинай бастаңыз!-деп түсіндірді. АО “Жилстройсбербанк” консультант-агент Кабел.М.Т депозитке қалай тіркелуге болатыны жайында айтып өтті.

26.09.2017 10:43

Ашылу салтанатында аудан прокуроры Ерлан Хисметуллин: – Аудандық прокуратураның бастамасымен және аудан әкімдігінің қолдауымен пробация қызметінің есебінде тұрған және бас бостандығынан айыру жазасын өтеп келгендерге әлеуметтік-құқықтық қызмет көрсету, қайталап қылмыс жасауының алдын алу бағытында аурухананың бірінші қабатынан “Пробация кабинетін” ашпақпыз. Ол әр аптаның сәрсенбі күні сағат 10.00-12.00 және түстен кейін 15.00-17.00 аралағында жұмыс жасайды. Мұнда келіп прокуратура, пробация қызметі, аудандық жұмыспен қамту орталығы, аудандық орталық аурухана психологы, жұмыспен қамту орталығы мекемелері тарапынан көрсетілетін қызметтерді алуға мүмкіндіктеріңіз мол. Бұл шара өкілетті органдардың қызметін жандандырып ғана қоймай олардың бірлесе қимылдауын нығайта түсетініне сенімдімін, – деді.