«Ұлт денсаулығы-біздің табысты болашағымыздың кепілі»

Жаңа жыл мерекесі қарсаңында Атырау облыстық денсаулық сақтау басқармасының ұйымдастыруымен денсаулық сақтау саласының жыл бойғы атқарған игі істерінің қорытындысы ретінде Құрманғазы мәдениет сарайында «Ұлт денсаулығы-біздің табысты болашағымыздың кепілі» – атты салтанатты шара өткізілді.

Жалпы адамзаттың бәріне көмек қолын созып, жанын қоярға жер таптырмай азаптаған ауруынан айықтырып, ақ халатты періштедей көз алдында көлбеңдей жүріп, жанына дауа, тәніне шипа болардай ем беріп, сөзінің тәттісімен, көзінің жақсысымен науқастың көңілін көтеріп, өмірге деген құлшынысын арттырып,ертелі-кеш ерінбей, ел үшін еңбек етіп, халықтың алғыс-сауабын арқалаған Құрманғазы аудандық орталық ауруханасының сарапшы дәрігері Кулов Сағидолла Боранғалиұлы «Ерен еңбегі үшін» медалімен марапатталды.
Біз сізді шын жүректен құттықтаймыз!!! Денсаулығыңыз мықты, өмір жасыңыз ұзақ болсын! Шығармашылық шабыттан таймай, Отанымыздың игілігі жолында ізгі ниетпен еңбек ете беріңіз!!!


Жарияланды: 16.01.201811:42

Автор: