Автордың жарияланымдары: admin

admin

03.01.2018 07:37

Құрманғазы аудандық орталық ауруханасының директоры Г.Н.Мутиева аурахана қызметкерлерін Аяз ата, Ақшақармен бірге Жаңа жыл мерекесімен құттықтады!!! 

27.12.2017 07:27

Егемен еліміздің 16 желтоқсан ұлттық мереке Тәуелсіздік күнімен құттықтаймыз. Осы мереке карсаңында Құрманғазы аудандық орталық аурухана өзінің қуанышты хабармен бөліскелі отырмыз.

26.12.2017 12:54

Құрманғазы аудандық орталық ауруханасының педиатр дәрігерлері нәрестенің құрсақтағы дамудың 38-40 апталық мерзімінен бұрын дүниеге келіп,салмағы 2500гр,бойының ұзындығы 45см – ден кем – шала туылған баланың ата-аналарына түсіндіру жұмыстары жүргізілуде.
Сонымен қатар «Дені сау бала» кабинетінде емшекпен емізу ережелерімен таныстыру яғни, жас аналарға – әр емізердің алдында анасы таза қолымен сүт безін жақсылап жуу керек екендігін, баланы емізіп болғаннан соң сүт безі жарылып кетпеу үшін таза жұмсақ сүлгімен кептіру керектігін т.б ережелермен таныстыру жұмыстары жүргізілуде.

15.12.2017 11:27

Аудандық емхана директоры- Г.Н.Мутиева қазіргі кезде аудан бойынша алдын алу екпелерінен бас тартушы 172 бала тіркеліп отыр, яғни екпеден бас тартып жатқан ата-аналарға болашақта балаларының жұқпалы ауруларға төтеп бере алмайтындығын түсіндіру мақсатында, аудандық емханамызда дөңгелек үстел ұйымдастырып жатқандығын айтып өтті.

15.12.2017 07:23

1 желтоқсан – Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне орай,бүгін Аудандық орталық ауруханасының директоры Г.Н.Мутиеваның айтуымен,- “Өз денсаулығыңыз өз қолыңызда”,- атты аудандық “Мерей” базарында акция ұйымдастырылды.
Акцияның мақсаты жүрек-қан тамырлары ауруларының алдын алу, скринингтік тексерілуге шақыру.