Автордың жарияланымдары: admin

admin

21.05.2018 11:49

24-30 сәуірдегі Дүниежүзілік иммундау апталығына орайластырылған “Біз вакциналауды қолдаймыз!” тақырыбында Құрманғазы аудандық орталық ауруханасының жалпы тәжірбие дәрігері Г.Н.Каусова жас аналарға түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Сондай-ақ Салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығының дәрігері Н.Ж.Шапихова мен медбикесі А.А.Жакупованың ұйымдстыруымен Салауатты өмір салтын насихаттай отырып, вакцина және сіздің балаңыз жөнінде мағлұмат берілді.

21.05.2018 09:53

№ 7 қалалық емхана директорының орынбасары Алмагүл Аманбаевна Құрманғазы аудандық орталық ауруханасының медицина қызметкерлеріне түсіндірме жұмыстарын жүргізуде.

21.05.2018 09:40

Құрманғазы аудандық орталық емхана директорының емдеу ісі жөніндегі орынбасары С.З.Мұқаналиева және жалпы тәжірбие дәрігері Г.Н.Каусова “Екпе мені және менің отбасымды қорғайды!” ұранымен ата-аналарға екпенің маңыздылығы түсіндірілсе, балаларға сурет байқауы ұйымдастырылды.

18.05.2018 08:38

Құрманғазы аудандық орталық ауруханасы мен Салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығының мамандары Дәшін аулының Ы.Алтынсарин атындағы жалпы орта мектебінде “Дұрыс тамақтану”-тақырыбында мағлұмат берілді.

18.05.2018 08:33

Құрманғазы аудандық орталық аурухана мен Салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығы 7 сәуір – дүниежүзілік денсаулық күніне орай “Сау болу-сәнді!” ұранымен “Жастар алаңында” кең көлемді акция ұйымдастырды. Құрманғазы аудандық орталық аурухана директоры Гүлсара Нұрмұханбетқызы және Құрманғазы аудандық балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің директоры Әдебиет Ердешов дүниежүзілік денсаулық күнімен құттықтады.