1 маусым – Халықаралық балалар күні мерекесіне орай «Бақытты отбасы – Бақытты балалық шақ» акциясымен Құрманғазы аудандық орталық аурухана қызметкерлері көп балалы ата-аналар мен сал ауруына шалдыққан балаларды мерекелерімен құттықтады!
Автордың жарияланымдары: admin
admin
Құрманғазы аудандық орталық ауруханасында «Жарқын болашақ жастардың қолында»,- ұранымен Жастар денсаулық орталығы ашылды. Ашылу салтанатын Құрманғазы аудандық орталық аурухана директоры Г.Н.Мутиева жастарға «Жарқын болашақ» кабинетінің мақсаты жасөспірімдерге медициналық-психологиялық әлеуметтік көмекпен қамтамасыз ету, салауатты өмір салтын ұстану дағдыларына баулу, жасөспірімдерге әлеуметтік –медициналық көмек беру,- екендігін ашып айтты.
Құрманғазы аудандық орталық ауруханасының дәрігерлері мен мейірбикелері ауданның еңбек ардагерлері мен тыл еңбеккерлерінің үйлерін аралап, медициналық тексерістен өткізіп, Отан қорғаушылар күні мерекесімен құттықтады.
Құрманғазы аудандық орталық ауруханасының Денсаулық мектебінде “Қант диабетінің алдын алу” тақырыбында дөңгелек үстел ұйымдастырып, қант деңгейін анықтадық.
20 маусым күні Құрманғазы аудандық “Мерей” сауда базарында халықтың нысаналы топтарына арналған окологиялық, қан айналым жүйесі ауруларының алдын – алуға бағытталған акция ұйымдастырылды.