22 наурыз – Ұлыстың ұлы күнiмен Құрманғазы аудандық орталық аурухана директоры – Г.Н.Мутиева құттықтады. Бұл күнi күн мен түн теңеледi. Табиғат та, Жер-Ана да, жан-жануар да түлейдi, жаңарады. Адамзаттың бойында қан жүгiрiп, тал-теректер бүршiк жарады. Қазақтың сайын даласын Қызыр баба кезiп, адам баласына құт-береке, бақ-дәулет сыйлайды. Самарқанның көк тасы ерiп, қасиеттi қара жер, қара топырақ бусанады. Ұлы даланың төсiнде қызғалдақтар құлпыра өсiп, бел-белестерге қызылды-жасылды кiлем төселедi. Ұлан-байтақ Қазақстанның халқы жетi түрлi дәмнен наурыз көже жасап, ұлттық салт-дәстүр, әдет-ғұрыптарды сақтап, ай бойы Ұлыстың Ұлы күнiн тойлайды. Бүкiл Шығыс халқына ортақ бұл мейрамда араздасқандар татуласып, дүйiм халық, мұқым ел ауызбiршiлiкте болады.
Мереке құтты болсын! Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын!!!
Автордың жарияланымдары: admin
admin
Құрманғазы аудандық орталық ауруханасының мамандары және Салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығының ұйымдастыруымен Ю.А.Гагарин жалпы орта мектебінде “Өзіңді және отбасыныңды туберкулезден сақта” тақырыбында семинар өткізілді.
Құрманғазы аудандық орталық ауруханасының Дені сау бала кабинетінде жалпы тәжірбие дәрігері – Г.В.Чаплыгина “Салауатты өмір салтын насихаттай отырып, демікпесіз өмір сүр” тақырыбында түсіндіріп өтті.
Құрманғазы аудандық орталық ауруханасының директоры Мутиева Гульсара Нұрмағанбетова – 8 Наурыз Халықаралық әйелдер мерекесімен құттықтай отырып алғыс хатпен марапаттады.
Аудандық дене шынықтыру және спорт бөлімінің күнтізбелік жоспарына сай 3 наурыз күні Құрманғазы ауданының 90 жылдығына орай және 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күні мерекесіне арнап емхана бөлімшесінің ренгенолог дәрігері – Қанатов.Б.Е бастаған команда қыз келіншектер арасында спартакиада ұйымдастырылды.