Автордың жарияланымдары: admin
admin
Кең сарайдай жайлы мекен – аудан орталығындағы «Ардагерлер үйіне» жиналғандардың бұл күнгі талқылаған тақырыбы ең бір көкейкесті мәселе – денсаулық болатын. Басқосуда алғаш болып сөз алған аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы О.Құмарғалиев ҚР ардагерлері орталық кеңесінің бастамасымен өмірге келген «Дені сау қарттық» бағдарламасы жасы ұлғайғандардың арасында аурудың алдын алу, аурушаңдықты азайтудың шараларын ұйымдастыру, салауатты өмір салтын, спортты насихаттау жұмыстарын жолға қоюды көздеп отырғанын айтты.
Құрманғазы аудандық орталық ауруханасыда практикалық көмек көрсету мақсатында Атырау облысының медицина колледж жанындағы мейірбике ісін дамыту жөніндегі маман Ақжұма Ақкалиевна және Атырау облысының медицина колледжінің мұғалімі Гүлдана Нұрымовна пікір алмасып, талқылады.
Құрманғазы аудандық орталық ауруханасының директоры: Г.Н. Мутиева, Салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығының директор: А.А. Сыралиева және Қоғамдық денсаулық сақтау басқарма басшысы: К.К. Утаровтың айтуымен, – “Өз денсаулығыңыз өз қолыңызда”, – атты аудандық Нұржау округінде акция ұйымдастырылды.