ОСМС

 

Название Перейти
1 СЛУЖБА ПОДДЕРЖКИ ПАЦИЕНТОВ
2 СТОМАТОЛОГИЧЕСКАЯ ПОМОЩЬ ЗА СЧЕТ ОСМС
3 ПРОВЕРКА СТАТУСА
4 ПАКЕТЫ ОСМС И ГОБМП В ЧЕМ РАЗНИЦА
5 ОСМС — ЭТО ЗАЩИТА ВАШИХ ФИНАНСОВ
6 ОПЛАТА ЗА 12 МЕСЯЦЕВ
7 КТО И СКОЛЬКО ПЛАТИТ ЗА ОСМС В 2022 ГОДУ
8 КАЖДЫЙ ПАЦИЕНТ ИМЕЕТ ПРАВО НА КАЧЕСТВЕННУЮ И СВОЕВРЕМЕННУЮ МЕДПОМОЩЬ
9 ВОЗВРАТ ВЗНОСОВ

Құрметті Құрманғазы ауданының тұрғындар назарына!

Елімізде міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі 2020 жылдан бастап енгізілді. Жаңа жүйе арқылы диагностикадан бастап қымбат отаға дейінгі медициналық қызметті алуға мүмкіндік көп.

«Міндетті медициналық сақтандыру — бұл ӘМСҚ активтері есебінен медициналық қызметтерді тұтынушыларға медициналық көмек көрсетуге бағытталған қоғамдық, құқықтық, экономикалық шаралар кешені. Бізде қандай табыс болса да, барлығы белгілі бір пайызды төлейді. 2020 жылдан бастап жұмыс бреушілер өз қаражаты есебінен жұмыскердің табысының белгілі бір мөлшерінде медициналық сақтандыру жарнасын төлеп келеді. 2022 жылдың 1 қаңтарынан ең төменгі жалақы мен айлық есептік көрсеткіштің өсуіне байланысты міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға төленетін жарна мен аударымдардың мөлшері өзгерді.

     Жаңа жылдан бастап ең төменгі жалақы 42 500 теңгеден 60 000 теңгеге дейін, ал АЕК 2917 теңгеден 3063 теңгеге дейін өсті. Тиісінше, биылғы жылы МӘМС төлемдері де артты. Жұмыс беруші қызметкері үшін оның жалақасының 3%-ын төлейді, бірақ сома мөлшері 18 мың теңгеден аспайды. Қызметкерлер, оның ішінде азаматтық-құқықтық сипаттағы шарттар бойынша табыс табатындар өз кірісінің 2%-ын аударады, бірақ 12 мың теңгеден аспайды. Жеке кәсіпкерлер ең төменгі жалақының 1,4 еселенген мөлшерінің 5%-ын немесе 4200 теңге төлейді. Бірыңғай жиынтық төлем (өзін-өзі жұмыспен қамтығандар үшін) мөлшері қала тұрғындары үшін 1 АЕК немесе 3063 теңге, ауыл тұрғындары үшін 0,5 АЕК немесе 1531 теңгені құрады. Дербес төлеушілер ең төменгі жалақының 5%-ын немесе 3000 теңге төлейді.

 




 

Всего комментариев: 0