Құрманғазы ауданының денсаулық сақтау саласы бойынша 2017 жылы атқарылған жұмыстары жөнінде қорытынды есебі.

Жиналысқа: Құрманғазы ауданының әкімі Б.Б.Шаяхметов Құрманғазы аудан әкімінің орынбасары Ө.С.Тәжібаев Атырау облысының Денсаулық сақтау басқарма басшысының даму және кадрлық саясат жөніндегі орынбасары М.А.Утешев ШЖҚКМК “Атырау облыстық пединалдық орталығының” директоры Қ.Ж.Нысанбаев КМҚК “Атырау облыстық психикалық денсаулық орталығының” директоры Қ.Қ.Нұрмұханов ШЖҚКМК “Атырау облыстық онкология диспансерінің” директоры Ж.Қ.Нсанов КМҚК “Атырау қалалық медициналық жедел- жәрдем станциясының” бас дәрігері Г.А.Таңбаева КМҚК “Атырау облыстық туберкулезге қарсы күрес диспансерінің” директоры Ж.Н.Сағиев Фтизиатр дәрігері А.Ж.Сардашев ШЖҚКМК “Атырау облыстық балалар ауруханасының” директордың орынбасары Айбек Орынбасарұлы қатысты.

Құрманғазы аудандық орталық ауруханасының 2017 жылы денсаулық сақтау саласында атқарылған жұмыстары мен 2018 жылға алға қойған міндеттері туралы қорытынды жобасын Құрманағазы аудандық орталық аурухана директоры Г.Н.Мутиева баяндады.
Сондай-ақ Атырау обылыстық ересектерге арналған туберкулезге қарсы шипажайының 2017 жылы атқарған жұмыстары мен алдағы міндеттері туралы Атырау обылыстық ересектерге арналған туберкулезге қарсы шипажайының директоры А.У.Арстаналиев баяндады.
2017 жылғы Құрманғазы ауданы бойынша қалыптасқан санитарлық-эпидемиалық ақуал туралы Құрманғазы аудандық Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы К.Х.Утаров баяндады.
Атырау облысының Денсаулық сақтау басқарма басшысының даму және кадрлық саясат жөніндегі орынбасары М.А.Утешев- Медицина ұйымдарының 2017жылы атқарылған қорытынды жұмыстары жөнінде ескертулер беріп, Елбасмыздың денсаулық саласына көп көңіл бөліп отырғандығы белгілі екендігін айтты. Біріншіден аурудың алдын алу жұмыстарына көңіл бөлуіміз керек болса, екіншіден міндетті медициналық сақтандыру жүйесінде медициналық көмек көрсетуді алға кою керектігін айтты.
КМҚК “Атырау облыстық психикалық денсаулық орталығының” директоры Қ.Қ.Нұрмұханов – 2017 жылы өте көп ақша бөлінген, яғни керекті жаңа техникалар алынғанын көрдік және де мемлекеттік аккредитациядан өткендігі бұл – Құрманғазы аудандық орталық ауруханасының үлкен жетістікке жеткендігін көрсетеді.Сонымен қатар скринингтік жоспалау жұмыстарын алға алу керектігін айтты.

    КМҚК “Атырау қалалық медициналық жедел- жәрдем станциясының” бас дәрігері Г.А.Таңбаева –2017 жылы шілде айында жаңа бұйрық қабылданды онда жедел көмек көрсету қағидаларын бекіту деп көрсетілген. Ең алғашқы көмектен адамның денсаулығы, өмірі ары қарай ребилитациясы жауапты екенін түсінуіміз керек. Шұғыл жағдайда көмек көрсете біліңіздер,-деді.

    ШЖҚКМК “Атырау облыстық балалар ауруханасының” директордың орынбасары Айбек Орынбасарұлы – Сәби өлімі төмендегенмен де, үйде шетінеу көрсеткіші аудандарда көш бастап тұр, яғни облысымыздың көрсеткішіне әсер етіп отыр.Осы жөнінде біз облыстық балалар ауруханасы жауаптымыз (бала өліміне 5 жасқа дейін, сәби өліміне 1 жасқа дейін). Осы бойынша «Балалар қараусыз қалмасын!»- науқаны желтоқсан айынан бастап іске асқан болатын,бұл науқанмен әсіресе потранаж қауіп-қатер факторын анықтап, аурудың алдын алып жұмыстануы керек,-деді.  Құтыруға қарсы екпе проблемалық жағдай – вакцинаға тапшы. Соған байланысты 2017 жылдың қыркүйек айынан бастап қаржы жетпеуіне орай вакцина тоқтатылған. Құтырудың алдын алу шарасына байланысты ауданымыздың көлемінен бюджет бөліп осы жұмыс 2018 жылы аяқсыз қалдырылмаса,-деді.
Құрманғазы ауданының әкімі Б.Б.Шаяхметов – Облыстан келген барша қонақтардың 2017жылғы қортынды есепті жақсы талқылап жатқандығын айтып, медицина саласына халықтың шағымдары жоқ екендігін ескертті.
Сонымен қатар жас мамандарға мемлекет жағдайларын жасап жатқанын ескертіп, білімдеріңізді жетілдіруден жалықпауды,еңбектенуді, келген қонақтарға рахметін айтты.


Жарияланды: 17.01.201806:20

Автор: