Ерсайын Хатаұлын Мерейлі 80 жасымен құттықтау!

Құрманғазы аудандық орталық ауруханасының директоры Г.Н.Мутиева Ерсайын Хатаұлын Мерейлі 80 жасымен құттықтады.

Ерсайын Хатаұлы Досмұхамбетов 1938 жылы 18-қаңтар күні кудряшов с/о Құрманғазы ауданы Атырау облысында бұрынғы (Бірлік с/советі, теңіз ауданы Гурьев облысында) дүниеге келді.
1956 жылы Сафон ауылындағы Ф.Энгельс атындағы қазақ орта мектебін бітіріп, Прибалтика елінде әскери міндетін атқарып, 1960 жылы Алматы мемлекеттік медицина институтының емдеу бөліміне оқуға түсіп, оны 1966 жылы тәмамдап, Кудряшов ауылындағы 50 төсек орындық ауруханасына бас және емдеуші-хирург мамандығы бойынша жұмысқа орналасты.
Марапаттары: “Айрықша сіңген еңбегі үшін”, “Ерен еңбегі үшін”, “Тың жерді игергені үшін” медальдарымен “СССР Денсаулық ісінің үздігі” төс белгісі және “Құрманғазы ауданының құрметті азамат ” атағымен. Атырау облыс әкімі мен аудан мәслихатының құрмат грамоты: Қазақ Елінің президенті Н.Ә.Назарбаевтың 2005-2007 ж Алғыс хаттар т.б марапатталынды.


Жарияланды: 09.04.201812:44

Автор: