“Дүниежүзілік психикалық денсаулық күні”

Құрманғазы Аудандық Орталық Ауруханасының мамандары “Дүниежүзілік психикалық денсаулық күніне” орай З.Серікқалиұлы атындағы мекеп интернатында «Психикалық мінез-құлықтың алдын алу»,- жөнінде дөнгелек үстел өткізді.

Іс-шараның басты мақсаты – психикалық денсаулықты қорғау және нығайту бойынша оқушылардың назарын аудару, ең алдымен, өз денсаулығына қатысты жауапты және қауіпсіз мінез-құлықты қалыптастыруға ықпал ету, сонымен қатар, психикалық денсаулық дағдыларын сақтау, қолайлы психологиялық және әлеуметтік жағдай жасауға ықпал ету деп,- аудандық емхана психиаторы Сисеналиев.Т айтып өтті. Дөңгелек үстелге сонымен қатар: профилактика болімінің меңгерушісі Шапихова.Н, психолог Гумарова.С және СӨС медбикесі Жакупова.А қатысты.


Жарияланды: 16.10.201707:39

Автор: