Жаңалықтар

28.06.2018 09:52

Құрманғазы аудандық орталық ауруханасында «Жарқын болашақ жастардың қолында»,- ұранымен Жастар денсаулық орталығы ашылды. Ашылу салтанатын Құрманғазы аудандық орталық аурухана директоры Г.Н.Мутиева жастарға «Жарқын болашақ» кабинетінің мақсаты жасөспірімдерге медициналық-психологиялық әлеуметтік көмекпен қамтамасыз ету, салауатты өмір салтын ұстану дағдыларына баулу, жасөспірімдерге әлеуметтік –медициналық көмек беру,- екендігін ашып айтты.

27.06.2018 11:28

Құрманғазы аудандық орталық ауруханасының дәрігерлері мен мейірбикелері ауданның еңбек ардагерлері мен тыл еңбеккерлерінің үйлерін аралап, медициналық тексерістен өткізіп, Отан қорғаушылар күні мерекесімен құттықтады.

27.06.2018 07:34

Құрманғазы аудандық орталық ауруханасының Денсаулық мектебінде “Қант диабетінің алдын алу” тақырыбында дөңгелек үстел ұйымдастырып, қант деңгейін анықтадық.

26.06.2018 11:58

20 маусым күні Құрманғазы аудандық “Мерей” сауда базарында халықтың нысаналы топтарына арналған окологиялық, қан айналым жүйесі ауруларының алдын – алуға бағытталған акция ұйымдастырылды.

26.06.2018 11:47

Артық салмақ және семізік дегеніміз не? Артық салмақ пен семіздіктің себептері қандай? Дене салмағы индексі (ДСИ) дегеніміз не? Дене салмағы индексі (ДСИ) қалай есептеледі?- сұрақтарына жауап алғыңыз келсе Құрманғазы аудандық орталық ауруханасының “Денсаулық мектебінде” сәрсенбі күні эндокринолог дәрігерімізден жауап ала аласыздар!
13 маусым күні “Денсаулық мектебінде” эндокринолог дәрігер Ф.Ж.Жакупова: Семізік-май тіндерінің артық жиналуынан дене салмағының артуы жөнінде түсіндірме жұмыстарын жүргізді.