Жаңалықтар

14.05.2019 10:19

Құрманғазы аудандық орталық ауруханасының мәжіліс залында «Ауруларды басқару бағдарламасын жаңа формасы ретінде профилактикалық халықпен жұмыс» тақырыбында Құрманғазы аудандық орталық аурухананың бас мейірбикесі Нұрлыбаева Ханафия Социалқызы және емхана аға мейірбикесі Каменова Баян Сатыбалдықызы медицина қызметкерлеріне талқылап,түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

14.05.2019 10:08

Құрманғазы аудандық орталық ауруханасының мамандары және Салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығының мамандарымен бірлескен “Екпенің маңыздылығы” және “Біз туберкулезді тоқтата аламыз”,-атты тақырыбында М.Әуезов атындағы жалпы орта мектебінде ата-аналар мен оқушылар арасында семинар өткізілді.
Мақсатымыз: Алдын ала егілудің адам өміріне деген пайдасы мен туберкулез ауруының алдын алу.

14.05.2019 07:45

С.Көшекбаев атындағы аудандық мәдениет үйінде Құрманғазы аудандық орталық ауруханасының профилактика және әлеуметтік психология бөлімінің дәрігері Н.Ж.Шапихова мен салауатты өмір салтын қалыптастыру ортылығының медбикесі А.А.Жакупованың ұйымдастыруымен Дүниежүзілік туберкулезбен күрес күніне орайластырылған «Өзіңді туберкулезден қорға!» ұлттық бағдарламасы бойынша туберкулездің алдын алу мен профилактикалық тексеруден өту мақсатында семинар өткізілді.

24.04.2019 07:30

Құрманғазы аудандық орталық ауруханасының мамандары және Салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығының ұйымдастыруымен Еңбекші жалпы орта мектебінде “Қыздар арасында ерте жүктіліктің алдын алу” тақырыбында семинар өткізілді. 8-9 сынып қыздарына семинарды психолог – А.А.Қадырбаева түсіндіру жұмыстарын жүргізді.