Құрманғазы аудандық орталық ауруханасында “Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күреске және мемлекеттік көрсетілген қызметтер” бойынша ашық есік күні өткізілді.
Жаңалықтар
Құрманғазы аудандық орталық ауруханасының «Денсаулық мектебінде» жас аналарға: Отбасын жоспарлау-бұл қажетінше бала тууды жоспарлауға бағытталған, өмірге ұрпақ әкелу уақытын және бала туу арақашықтығын реттеп отыратын, ерлі-зайыптының саналы түрде жасайтын әрекеті,- екендігін дәрігер акушер гинеколог Шайхимова.Л.К түсіндіріп өтті. Сонымен қатар дәріске заңгер Мурасов.А.Б-те Денсаулық сақтау саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер жайында айтып өтті.
Құрманғазы аудандық орталық аурухананың перзентхана бөлімшесіне аудан әкімі жанындағы әйелдер істері отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссия мен аналар кеңесінің мүшелері арнайы барды. Олар нәрестелі болған жас аналарды құттықтап, гүл шоқтарын табыстады.
Тәуелсіздігіміздің таңы атқан жиырма алты жылдан бергі уақыт ішінде Елбасымыз спортқа көңіл бөліп, бұл саланы әрдайым мемлекеттік маңызы басым бағыттар санатына қосып келеді. Ауданымызда «Біздің денсаулығымыз – өз қолымызда» ұранымен «Денсаулық фестивалі – 2017» күніне акциялар, флеш-мобтар, артериялық гипертензия, қант диабеті, жаяу жүру морофоны өтті. Оған аудан тұрғындары мен білім, спорт, денсаулық сақтау саласының мамандары, мектеп оқушылары қатысты. Шараның мақсаты – физикалық белсенділікті арттыру және дұрыс тамақтану талаптарын сақтай отырып, жаман қылықтардан арылу, сонымен бірге денсаулық сақтау әдеттерін қалыптастыру арқылы қоғам назарын денсаулықты сақтау мен оны қорғаудың ортақ жауапкершілігіне аудару.
Құрманғазы аудандық орталық ауруханасында 8.09.2017ж «Денсаулық мектебі» ашылды. Құрманғазы аудандық орталық ауруханасының бас дәрігер Мутиева.Г.М «Ауырып ем іздегенше, Ауырмаудың жолын ізде»- мақсатында ашылып жатқанын айтып өтті. «Денсаулық мектебінің» ашылу салтанатын: 1-ші лентасын артериялық гипертензия учетының тұрғыны Әлжанова.С кесу бұйырса, 2-ші лента кесу салтанаты облыстан іс-сапармен келген қазіргі № 4 қалалық емхана басқармасының ана мен бала жөніндегі орынбасары Ахметова.Б.Р берілді.