Жаңалықтар

07.11.2017 13:22

Бүгін Аудандық орталық аурухананың директоры: Г.Н.Мутиева және Қоғамдық денсаулық сақтау басқарма басшысы: К.К.Утаровтың айтуымен,- “Өз денсаулығыңыз өз қолыңызда”,- атты аудандық АО “Қазпочтада” акция ұйымдастырылды.

07.11.2017 13:13

Бегалиев атындағы қазақ орта мектебінің 4-сынып оқушыларына Құрманғазы аудандық орталық ауруханасының жалпы тәжірбие дәрігері:Еділбаева.Ж.Б “ЖРВИ, тұмау және пневмококктық инфекцияның алдын алу” мәселелері жөнінде семинар өткізді.

07.11.2017 05:13

Дүниежүзілік инсультпен күресу күніне орай ұйымдастырылған Ашық есік күні. Емханаға келген тұрғындар жалпы тәжірбие дәрігеріміз – Каусова.Г.Н кеңесін алса, алғашқы көмек көрсету кезінде жіті ми қан айналымының бұзылуы, шұғыл іс-қимыл алгоритмі жайында невропатолог медбикеміз – Хисина.М.И түсіндірсе, артериялық қан қысымын кардиолог медбикеміз – Қабиева Г.Ш өлшеп, үйлестірме қағаздарын таратты .Ал қандағы холестирин мен глюкоза деңгейін лобарант – Қалиева.А.Т анықтады.

02.11.2017 05:56

2017 жылдың 26-27 күндері Құрманғазы аудандық орталық ауруханасында ШЖҚ КМК “Атырау облыстық балалар ауруханасының” бір топ мамандары келіп қызу жұмыс жасады.

Атырау облыстық балалар ауруханасының кардиологы: Ергазиева.А.К., невропатолог: Камышева.Э.Ч.,ортопед: Есназаров.Б.Н., лор: Куспанов.Б.С дәрігерлеріне көп алғысымызды айтамыз!

27.10.2017 11:36

“Тұмау және жіті респираторлық вирусты жұқпалардың эпидемилогиясы, диагностикасы, алдын алу шаралары және емдеу әдісі туралы” семинар кеңес бағдарламасы өтті. Семинардың ашылуы Құрманғазы аудандық орталық аурухана директоры Г.Н.Мутиева және Құрманғазы аудандық Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы К.К.Утаров сөзімен басталды. Кейінгі сөз кезегін Құрманғазы аудандық орталық аурухананың бас дәрігердің орынбасары С.У.Хамзина жалғастырды.