Өзіңді туберкулезден қорға!

С.Көшекбаев атындағы аудандық мәдениет үйінде Құрманғазы аудандық орталық ауруханасының профилактика және әлеуметтік психология бөлімінің дәрігері Н.Ж.Шапихова мен салауатты өмір салтын қалыптастыру ортылығының медбикесі А.А.Жакупованың ұйымдастыруымен Дүниежүзілік туберкулезбен күрес күніне орайластырылған «Өзіңді туберкулезден қорға!» ұлттық бағдарламасы бойынша туберкулездің алдын алу мен профилактикалық тексеруден өту мақсатында семинар өткізілді.

Дүние жүзінде халық санының көбеюіне байланысты туберкулез ауруы бұдан 20 – жыл бұрынғыға қарағанда едәуір көбейіп отыр. Бүкіл әлемдік денсаулық сақтау ұйымының мәлiметтерi бойынша дүниежүзінде туберкулез ауруымен 8-10 млн адам тiркелiп, 3млн адам қайтыс болады екен.

Өзіңді туберкулезден қорға! – атты бағдарламаға Құранғазы аудандық орталық ауруханасының туберкулез бөлімінің фтизиатр дәрігері О.А.Ахметқалиев халыққа туберкулез ауруының алдын алу шараларын түсіндіріп өтті.

Сондай-ақ Атырау облысының Туберкулезге қарсы диспансерінің мониторинг және бағалау тобының маманы Т.С.Шаменов семинарға қатысты.


Жарияланды: 14.05.201907:45

Автор: