Жіті ішек жұқпаларының алдын алу

Жіті ішек жұқпаларының алдын алу бойынша Құрманғазы аудандық орталық аурухананың директоры Г.Н.Мутиева және Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы К.К.Утаров семинарды ашты.

Жіті ішек инфекцияларының алдын алу бойынша санитарлық эпидемияға қарсы профилактикалық іс-шараларды ұйымдастыруға және жүргізуге қойылатын санитарлық-эпидемиялық талаптар. Аудан бойынша жіті ішек, сальмонеллез,дизентерия ауруларының эпидемиологиялық жағдайы бойынша – ҚДС басқармасының эпидемиология бөлімінің басшысы А.А.Сисеналиева баяндады.
Жіті ішек, сальмонеллез, дизентерия ауруларының клиникалық дифференциалдық патологиясы, емдеу әдісі, диспансерлік бақылау жөнінде – Құрманғазы аудандық орталық ауруханасының жұқпалы аурулар бөлімшесінің меңгерушісі С.К.Олжабаева баяндады.
Энтеровирусты инфекцияның этиологиясы, клиникасы, диагностикасы жөнінде – жалпы тәжірбиелік дәрігері А.Т.Габдулова баяндады.
Жіті ішек, сальмонеллез ауруларының зертханалық диагностикасы, сынамаларын алу, зертханаға жеткізу ережелері бойынша – АОСЭСО-ң аудандық филиалының дәрігер-бактериологі Т.О.Шайхымеденова қорытындылады.


Жарияланды: 02.07.201811:15

Автор: