Сау балалар мектебі
Құрманғазы аудандық орталық ауруханасының жалпы тәжірбие дәрігері Каусова.Г.Н «Дені сау балалар мектебінде» бала денсаулығына көңіл бөлуде…
Баланың бақытты болуы үшін, денінің сау болуы үшін үлкен қамқорлық жасауымыз керек. Дені сау баланың ақыл- ойы айқын, өз- өзіне сенімді, жан- жағына қуанышпен шаттана қарайтындай болуы шарт. Бала денсаулығының мықты болып, қозғалыс, дене құрылысының дұрыс жетілуі мектепке дейінгі кезеңде қалыптасады. Дұрыс тамақтанудың, таза жүрудің адам денсаулығы үшін маңызды екенін түсіндіру. Жас ұрпақ дұрыс өсіп жетілуі үшін денсаулығын күтуді үйрету, салауатты өмір салтын сақтап, өмір сүруге дағдыландыру. Баланың жеке тұлға ретінде қалыптасуына ең алдымен ата – ананың тәрбиесі негізгі роль атқарады десек, сол тәрбиені ұштастыра білу балабақшадағы тәрбиешіге де маңызды міндет жүктейді.
Сондай-ақ бүгінгі педиатрлар күнімен құттықтаймыз!!! Жұмыста жемісті болуларыңызды тілейміз!!! Денсаулықтарыңыз мықты болсын!!!