Екпе жасау –маңызды!
Аудандық емхана директоры- Г.Н.Мутиева қазіргі кезде аудан бойынша алдын алу екпелерінен бас тартушы 172 бала тіркеліп отыр, яғни екпеден бас тартып жатқан ата-аналарға болашақта балаларының жұқпалы ауруларға төтеп бере алмайтындығын түсіндіру мақсатында, аудандық емханамызда дөңгелек үстел ұйымдастырып жатқандығын айтып өтті.
2017 жылдың 10 ай қортындысы бойынша дәрігер эпидемиолог -Ж.Б. Тулемисова алдын ала екпенің маңыздылығымен түсіндіріп өтті.
С.Б. Кулов- сарапшы маман аудандық емханамызда 1100 бала туса, соның 20-25 ата-анасы екпеден бас тартады. Екпе алған бала жұқпалы ауруларға қарсы тұра алады. Ал екпе алмаған балалар болса инфекцияның қайнар көзі болып табылатынын түсіндірді.
Л.М. Касимова- аудандық орталық аурухананың неонотолог дәрігері, қазіргі таңда аудандық перзентхана бөлімшесінде дүниеге келген балалардың аналар арасында екпе алудан бас тарту жағдайларының жыл өткен сайын саны көбейіп отырғанын,соның ішінде діни ағымдағы көзқарастағы ата- аналар екенін, сонымен қатар қазіргі заң талабына сәйкес ата- анасынан екпе салу жөнінде қолхат алу себептеріне байланысты келісімінсіз екпе сала алмайтындықтарын атап өтті. Ата аналардың өздеріменде, барлық туыстарымендеекпе жөнінде түсініктер беріп сендірсе де, өздерінің қарсы ойларынан бас тартпай отырғандарын, сондықтан мұндай жағдайларды бұйрыққа сәйкес ошақтағы барлық адамдарды рентгендік бақылаудан өткізгеннен кейін ғана сәбиді үйіне шығаратындықтарын айтты.
Аудандық басиман –Ислам дінінде екпе алмау жөнінде ешқандай кедергілердің және шариғатқа қайшылықтар жоқтығы жөнінде айтып түсіндірді.
Дөңгелек үстелге: Ө.Тәжібаев-Аудан әкімінің орынбасары; М.Қожахметов-аудандық бас имам; А.Хусаинов аудандық «НұрОтан» партиясының орынбасары; Г.У.Кубаева-аудандық білім беру бөлімінің басшысы; Б.Каменов-аудындық ақпараттық-талдау орталығы; А.Суиналиев-аудандық прокуратура; Б.Хасенова-аудандық аналар кеңесінің төрайымы; К.Утаров-аудандық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы; О.Құмарғалиев-аудандық ардагерлер кеңесінің төрайымы; Т.Дәрелов-аудандық «Серпер» газетінің бас редакторы; Б.Вахитов-аудандық жастар ресурсының басшысы; М.Р.Мұғалім-Ганюшкин селолық округінің әкімі; Габбасов.К-Еңбекші селолық округінің әкімі; Б.Сәрсенғалиев-Байда селолық округінің әкімі; А.Муфтахов-Орлы селолық округінің әкімі; Б.Рамазанов- Ақкөл селолық округінің әкімі сонымен қатар екпеден бас тартқан ата-аналар мен медицина қызметкерлері қатысты.
Селолық округінің әкімідерімен бірлесе осындай ата-ана бар екендігін, оларда діни көзқарастағы адамдар екенін түсінік жұмыстарын жүргізсе де олардың өзіндік құқықтарына қол сұғуға болмайтындықтарын алға тартып отырғандығын айтып, осы адамдарға жоғарыдан яғни, мәжіліс депутаттарына мәселе етіп қою керектігін атап өтті.