Денсаулық сақтау басқармасының басшысы М.Қ.Аймурзиеваның медицина қызметкерлерімен кездесуі

Құрманғазы аудандық орталық ауруханасында Атырау облыстық Денсаулық сақтау басқармасының басшысы М.Қ.Аймурзиева медицина қызметкерлерімен кездесу өткізді.

Атырау облыстық Денсаулық сақтау басқармасының басшысы М.Қ.Аймурзиева – Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері»
Соның жетінші бағыты адами капиталдың – жаңғыру негізі саласына арналған. Жолдаудың бағыттарының бірі «Үздік денсаулық сақтау ісі және дені сау ұлт». Жолдауда мемлекет басшысы Қазіргі денсаулық сақтау ісі қымбатқа түсетін стационарлық емге емес, негізінен аурудың алдын алуға бағытталуға тиіс.
Саламатты өмір салтын насихаттай отырып, қоғамдық денсаулықты басқару ісін күшейту керек.
Мемлекеттің міндеттерін нақты белгілей отырып, Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемінің жаңа моделін әзірлеу қажет.
Ақпараттық жүйелерді біріктіру, мобильдік цифрлық қосымшаларды қолдану, электрондық денсаулық паспортын енгізу, «қағаз қолданбайтын ауруханаға» көшу арқылы медициналық көмектің қолжетімділігі мен тиімділігін арттыру қажет.
Медицинада ауруларды диагностикалау мен емдеудің тиімділігін айтарлықтай арттыратын генетикалық талдау мен жасанды интеллект технологияларын енгізуге кірісуіміз керектігін айтып талқылады.
Сондай-ақ жоғары оқу орындарын тәмамдап ауданымызға келген 4 жас маман дәрігерлерге бір пәтерлі қызметтік баспаналар берілген болатын, қазір заман жақсы барлық жағдайы жасалған, баспаналарының сапасына көңілі толғанын айтты.
Денсаулық сақтау саласы халықтың, мемлекеттің және жұмыс берушінің ортақ жауапкершілігіне негізделген Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жұмыстарын жалғастыру керек.
Сіздерде компьтер жеткілікті, жұмыс жасай білесіздер, сондықтан да арыз – шағым бойынша жұмыстана біліңіздер! Жұмыстарыңызды сапалы орындалуын қадағалап отыруларыңыз қажет. Ұялы телефондарға жүкті əйелдерге арналған “Мен анамын” атты, барлық тұрғындарға үйден шықпай дəрігер қабылдауына тіркелуге мүмкіндік беретін “Дəрігерге тіркелу!”- атты мобильді қосымша енгізу жөнінде жұмыстары жүріп жатыр, осындай жұмыстар бойынша алдағы уақытта тағыда көптеген программалар еңгізілетін болады.
Мақсатымыз: Халық өз денсаулығын – өзі сақтауға үйрене білуі керек!


Жарияланды: 10.04.201809:37

Автор: