Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауы

Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың 2018 жылдың 23 қаңтарында «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» – атты Қазақстан халқына жолдауын түсіндіру мақсатында “Құрманғазы аудандық орталық ауруханасы” медицина қызметкерлеріне соның жетінші бағыты адами капиталдың – жаңғыру негізі саласына арналған жолдауын түсіндіріп, талқылады.

Жолдаудың бағыттарының бірі «Үздік денсаулық сақтау ісі және дені сау ұлт». Денсаулық сақтау саласы халықтың, мемлекеттің және жұмыс берушінің ортақ жауапкершілігіне негізделген міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіне кезең-кезеңімен көшетінін, ақпараттық жүйелерді біріктіру, мобильдік цифрлық қосымшаларды қолдану, электрондық денсаулық паспортын енгізу, «қағаз қолданбайтын ауруханаға» көшу арқылы медициналық көмектің сапасын көтеру, қолжетімділігі мен тиімділігін арттыру, онкологиялық аурулардың алдын-алу жұмыстарын белсендету, медициналық кадрлармен қамтамасыз ету және оларды сапалы қайта даярлаудан өткізілуі жайы бағыттары медицина қызметкерлеріне түсіндірілді.


Жарияланды: 09.04.201812:34

Автор: