4 маусым – Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздер күні
Құрманғазы аудандық орталық ауруханасының медицина қызметкерлері Қазақстан Республикасының мемлекеттік Әнұранын орындады.
1992 жылғы 4 маусымда Қазақстанның жаңа мемлекеттік рәміздері алғаш рет бекітілді. Сондықтан бұл күн ел тарихында жаңа Мемлекеттік рәміздер күні ретінде мәңгі есте сақталады.
“Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері туралы” Конституциялық Заң 2007 жылы 4 маусымда қабылданды. Осы Заңға сәйкес, жыл сайын 4 маусым Қазақстанда Мемлекеттік рәміздер күні ретінде мерекеленеді.