«Қарттар мектебі» ашылды

Ашылу салтанатын Құрманғазы аудандық орталық аурухана директоры Г.Н.Мутиева: Қаттар мектебінің мақсаты – зерттеулердің нәтижесінде қартаюдың әлеуметтік – гигиеналық себептері мен клиникалық белгілерін анықтау, адам жасының ұлғаюына байланысты жүрек пен қан тамырларында пайда болатын өзгерістерді зерттеу, қартайған адамдардың әдетте байқалмайтын жүрек ақауларына сипаттама беру,- екендігін ашып айтты.

Келесі кезекте ашылу салтанатының лента кесу сәтін аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы О.Құмарғалиев және аудандық емхананың сарапшы маманы С.Б.Куловқа беріліп, профилактика бөлімінің меңгерушісі Н.Ж.Шапихова келген қонақтарға Қаттар мектебінің ашылуының міндеті мен мақсатына тоқталып, түсіндірме жұмыстарын жүргізді.
Сонымен қатар келген қонақтар мен ардагерлерге Қарттар мектебіне жауапты сарапшы маман – С.Б.Кулов өз ойын ортаға салып, ардагерлердің сұрақтарына жауап берді. Келген қонақтар мен ардагерлер кең көлемде отырып, өз ойларын білдірді. Емханамызда осындай орталық ашылуына байланысты қалаған уақыттарыңызда келіп кеңес алуға шақырамыз!!!


Жарияланды: 16.07.201804:44

Автор: