16-желтоқсан Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні құтты болсын!!!

Егемен еліміздің 16 желтоқсан ұлттық мереке Тәуелсіздік күнімен құттықтаймыз. Осы мереке карсаңында Құрманғазы аудандық орталық аурухана өзінің қуанышты хабармен бөліскелі отырмыз.

Атырау облыстық денсаулық сақтау басқармасына қарасты аккредитациядан өтуге сұраныс берген 6 медициналық мекеменің ішінде өткен 3-дің бірі болып және аудандардың ішінен қатысқан Құрманғазы аудандық орталық аурухана директоры Мутиева Гулсара Нурмуханбетқызы бастаған ұжым неше жылғы еңбектерінің арқасында үлкен сынақтарды жеңіп “Аккредитация “дан өтті. Осы қуанышымызға қуаныш қосылып, Құрманғазы аудандық орталық аурухананың бас мейірбекесі Нурлыбаева Ханафия Социалқызы және емхана аға медбикесі Халенова Токтар Халуқызы “Мейірім” төсбелгісімен марапаталып, балалар бөлімшесінің аға медбикесі Жолдасова Тамара “Парасат” республикалық ұйымының “Алғыс хатына” ие болды.

Болашағы зор, аспаны ашық еліміз тыныш, жұртымыз аман, келешекке бастаған қадамымыз нық болсын ағайын!!!


Жарияланды: 27.12.201707:27

Автор: