Ашық есік күндері «Дүниежүзілік ЖИТСпен күрес»
22-24 қараша аралығында «Дүниежүзілік ЖИТСпен күрес» айлығына орай Құрманғазы аудандық орталық аурухана дәрігерілері Аудандық мектептерде Ақкөл, Нұржау, Бегалиев, Алтынсарин оқушылармен кездесу өткізілді.
Мақсаты: Балаларға денсаулығының қымбаттылығын, өмір сүру үшін қажеттілігін, адам жаны мен тәнінің тазаруы, денсаулығының жақсаруы бағалы байлық екенін түсіндіру. Салауатты өмір салтын ұстануға тәрбиелеу.
Қазіргі кездің қоздырғыш ауруына айналып отырған АИТВ – маңыздылығы түсіндірген АИТВ дәрігері,эпидемиолог Жұлдыз Борабаевна. СӨСҚО үйлестіруші дәрігері, СӨСҚО медбикесі, профилактика бөлімінің меңгерушісі сондай-ақ жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен түсіндерме жұмыстарын жүргізілді. АИТВ жауапты медбикелері мектеп оқушыларының ішінен тексерілуге еріктілерден эксперт-тест алып, аз уақыттың ішінде нәтежесін шығарып көрсетті. Кездесу барысында оқушылар өз өнерлерін паш етті.