ЖАСТАР ДЕНСАУЛЫҚ ОРТАЛЫҒЫ

Құрманғазы аудандық орталық ауруханасында «Жарқын болашақ жастардың қолында»,- ұранымен Жастар денсаулық орталығы ашылды. Ашылу салтанатын Құрманғазы аудандық орталық аурухана директоры Г.Н.Мутиева жастарға «Жарқын болашақ» кабинетінің мақсаты жасөспірімдерге медициналық-психологиялық әлеуметтік көмекпен қамтамасыз ету, салауатты өмір салтын ұстану дағдыларына баулу, жасөспірімдерге әлеуметтік –медициналық көмек беру,- екендігін ашып айтты.

Келесі кезекте ашылу салтанатының лента кесу сәтін сарапшы маман С.Б.Кулов және Абай мектебінің оқушысы Б.Бейімбетұлына беріліп, психолог дәрігер А.А.Қадырбаева келген қонақтарға Жастар денсаулық орталығына ашылу мақсатына толықтай түсіндірме жұмыстарын жүргізіп,оқушыларға тренинг ұйымдастырды.
Құрманғазы ауданының жастарына осындай орталық ашылуына байланысты қалаған уақыттарыңызда орталыққа келіп кеңес алуға шақырамыз!!!


Жарияланды: 28.06.201809:52

Автор: