“Екпе мені және менің отбасымды қорғайды!”
Құрманғазы аудандық орталық емхана директорының емдеу ісі жөніндегі орынбасары С.З.Мұқаналиева және жалпы тәжірбие дәрігері Г.Н.Каусова “Екпе мені және менің отбасымды қорғайды!” ұранымен ата-аналарға екпенің маңыздылығы түсіндірілсе, балаларға сурет байқауы ұйымдастырылды.
Бүгінгі таңда түрлі екпелер (вакцинация) – жұқпалы аурулардың алдын алудың бірден-бір жолы. Қоршаған ортаның түрлі әсерінен туындайтын сан алуан ауруларды баланың әлсіз ағзасы қалай қабылдайтынын бірде-бір ана алдан-ала болжай алмайды. Вакцинаның арқасында ағза аса қауіпті ауруларды тудыратын бактериялар мен вирустарға төтеп бере алады. Мысалы: туберкулез, көкжөтел (коклюш), дифтерия, гемофильді жұқпа және сіреспе (столбняк).